Қостанайда жедел жәрдемге себепсіз қоңырау шалған жеткіншектер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жедел жәрдем қызметіне негізсіз бірнеше қоңырау шалып, call-орталықтың жұмысына кедергі жасаған жеткіншектер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері жедел жәрдем станциясының «103» желісінің call-орталығына қоңырау шалғандарды анықтады. Олар Қостанай ауданының кәмелет жасына толмаған 4 жеткіншегі болып шықты. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме өткізілді»,- деп мәлімет берді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Жасөспірімдердің теріс қылығы үшін олардың ата-аналарына қатысты «Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар