Қостанайда жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам жарақат алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған.

«Жедел-жәрдем қызметі инфарктке шалдығу қаупі бар пациентті ауруханаға алып бара жатқан. Көлік жүргізушісі дабыл белгілерін қосқан. Алайда, жол қилысына шыққан той кортежінің Hummer көлігі жедел-жәрдем қызметіне соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам зақым алды», -деді К.Жылқыбаева.

Инфарктке шалдығу қаупі бар науқас бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жәбірленушінің жұбайы, көлік жүргізушісі мен фельдшер жарақаттану бөлімінің көмегіне жүгінген.

Соңғы жаңалықтар