Қостанайда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Лада» көлігін мінген жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 сәуір күнгі сағат 22.30 шамасында «Лада Приора» көлігін жүргізіп келе жатқан 2000 жылғы жас жігіт Қайырбеков көшесі, 397-ші үйдің қасындағы жолмен орталыққа қарай келе жатып, жолдың өтуге тыйым салынған орнынан өтіп келе жатқан 45-50 жастағы белгісіз ер адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.

Жүргізуші қан сынамасын тапсырды. Қостанай қалалық полиция бөлімі аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Соңғы жаңалықтар