Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 28 желтоқсанда сотталушы жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиға салдарынан 1940 жылы туған жәбірленуші С. алған ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру жазасын беруді сұрады»,- деп хабарлады сотта.

Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша оң мінездеме, бұрын сотталмағанын ескерді.

Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотта жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

«Жәбірленушінің өліміне әкелген оқиғаның ауырлығын және сотталушының жеке басын ескере отырып, сот оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сотталған В. сот залында қамауға алынды», - делінеді сотта.

Сондай-ақ сот үкімімен жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар