Қостанайда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында жастарға қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл орталық Қостанайда жаңадан ашылған Жастар сарайында орналасқан. Облыстық жастар ресурстық орталығы, жастар бастамаларын қолдау бөлімінің жетекшісі Марат Жолдыбаевтың сөзінше, мұндай орталық заман талабынан туындап отыр.

«Бұл ашылып отырған Жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың жаңа идеялары мен жобаларына бағыт береді, күш-жігерін біріктіріп, түрлі мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Жастардың білімін жетілдіретін, әрі пікір алысатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндіктер жасайтын ортақ шаңырақ болады деп сенеміз. Екіншіден, жастардың бос уақытын тиімді де пайдалы ұйымдастыру жұмысын үйлестіріп отырмақ. Оған ғимаратта атап өткен заманауи құрылғылар мен бөлмелерде барлық мүмкіндіктер бар», - дейді Марат Жолдыбаев.null

Жастар орталығы түрлі бағытта жұмыс жүргізеді. Олар: бизнесті қолдау, жастаға психологиялық көмек көрсету, заң саласындағы кеңес және т.б. Қазір мұнда 10 маман жастарға ақпарат беру, қызмет көрсету бойынша жұмыс атқарады.null

Кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды дамыту секторларына арнайы мамандарды шақырылған. Тәжірибелі қызметкерлер «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», «Серпін» бағдарламасы, «Тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жастарға бағыт-бағдар береді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жастар бастамаларын жан-жақты қолдау керектігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар