Қостанайда жастардың инвестициялық форумы өтеді
2017 жылғы 2 қазан 15:17

Қостанайда жастардың инвестициялық форумы өтеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қараша айында «Kostanay innovation-2017» атты жастардың халықаралық инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kostanay innovation-2017» - жас ұрпақтың идеяларын іске асыруы үшін мүмкіндік беретін бастапқы алаң. Халықаралық дәрежедегі сарапшылар студенттерге, жалпы жұмысшы жастарға өздерінің инновациялық жобаларын таныстырады. Жергілікті ұйым өкілдері TEDx форматында жұмыс істеп, тәжірибе жинайтын болады», - деді Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы басшысы Кенеш Әлімжанов.

Өз кезегінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мұндай шаралардың өңір үшін маңызды екенін айтты.

Халықаралық форум қарсаңында «Ұлы дала көрмесі» атты ақпараттық қосымша шығады. Форум 24-25 қараша аралығында өтеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT