Қостанайда жастар Президентпен селфи жасады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық жастар Қазақстан Президентімен селфиге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумы аясында түсірілген селфи суретті Facebook парақшасы арқылы бөлісті.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына Қазақстан-Ресей жастарының форумына қатысу үшін барған болатын. Форум аясында Мемлекет басшысы көрме стендтерін аралап, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, мемлекеттік жастар саясаты бағытында жасалып жатқан жұмыстармен, «Qazaqstan sulary» акциясымен және «Mensenemin» жобасымен танысты.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласында ашылған iKomek орталығына бас сұқты.

Форумда сөз сөйлеген Президент 2020 жылды Волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялауды қодайтынын айтып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар