Қостанайда жас қыздың өліміне жол берген екі полицей сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай аудандық сотында Дарья Махартованың өліміне қатысты қылмыстық істің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Кейінірек бойжеткеннің денесі орман алқабынан табылды. Іс материалдарында көрсетілгендей, полицейлердің өз міндетін дұрыс атқармауынан куәгерлер хабарлаған қылмыс орны жіті қаралмай, Қостанай АІІБ жедел кезекші көмекшісінің нұсқауы еленбеген.

Нәтижесінде сот полицейлер Алмат Ермақанов пен Руслан Рыжеволовты ҚР ҚК 342-бабы, 2-тармағы бойынша айыпты деп таныды. Оларға 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Экс-полицейлер жазасын қауіпсіздігі төмендетілген түзету мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, мемлекеттік және құқық қорғау қызметінен 3 жылға шеттетілді.

Сот айыпталушылардың өз кінәсін мойындағанын, кәмелет жасына толмаған балаларының бар екенін ескеріп, жазаларын жеңілдетті.

Соңғы жаңалықтар