Қостанайда жарылыс салдарынан екі жасөспірім зардап шекті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полиция белгісіз заттың жарылуынан екі жасөспірімнің жарақат алу фактісі бойынша соталды тергеу жүргізуде. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 «Тергеу барысында петардаға ұқсас затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталды», - делінген хабарламада.

10 және 13 жастағы екі жасөспірім  жарақатпен облыстық балалар ауруханасына түскені атап өтіледі.

Оқиға жайлы бұдан бұрын әлеуметтік желілердің бірінде белгілі болған. «Қостанай қаласы қайырымдылар клубы» аккаунтында жасөспірімдер белгісіз зат тауып алып, петарда деп ойлап, пілтесін жаққан. Жасы үлкені жансақтау бөлімінде жатыр, оның саусағын кесіп тастады, ер баланы қатты күйік шалған.

Соңғы жаңалықтар