Қостанайда жаңа Студенттер үйі ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда жаңа Студенттер үйі ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін Қостанай қаласындағы «Студенттік үй» жаңа заманауи жатақханасының ашылуына қатыстым.
Студенттік үй «Сервис КСТ» ЖШС компаниясының жеке инвестициялары есебінен салынды.
Жаңа тұрғын үй кешені заманауи жиһаздармен, кітапхана, асхана, спорт залы, санитарлық торап және кір жуатын орынмен жабдықталған» деп жазды әкім.
Болашақта мұнда монша кешені мен минимаркет ашу жоспарлануда. Жатақхана барлық заманауи стандарттарға сай.
«Студенттерге арнап жайлы жатақхана салған жергілікті «Сервис КСТ» ЖШС компаниясына алғысымды білдіремін. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының жақсы үлгісі, сондай-ақ жастардың болашағына салынған үлкен капитал екенін атап өткен жөн», - деп түйіндеген сөзін облыс басшысы.


Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov


Соңғы жаңалықтар