Қостанайда жаңа автобус бағыты пайда болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 6 сәуірде сенбіден бастап Қостанайда №42 маршруттық автобус жолаушылар тасымалдай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің агенттік тілшісіне хабарлағанындай, жаңа автобус бағыты арқылы жолаушылар қалалық зират маңындағы аялдамаға дейін бара алады.

«Бұл автобус әр сенбі-жексенбіде сағат таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Әзірге бір ғана көлік қызмет көрсетеді. Маршрут Алтынсарин көшесінен, яғни «Рабочий», «Орталық базар» аялдамаларынан басталады. Одан әрі Баймағамбетов көшесі арқылы Тәуелсіздік көшесін бойлай келіп, әл-Фараби даңғылына бұрылып, темір жол вокзалына дейін барады», - деді қала әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш автобус Дощанов, Мәуленов, Карбышев және Уральский көшелері бойындағы аялдамалар арқылы қалалық зиратқа келіп тоқтайды. Айта кетейік, мұндай қажеттілік тұрғындары тарапынан болған ұсыныстан туындап отыр.

Соңғы жаңалықтар