Қостанайда зейнеткерлерді алдаған жалған полицей қолға түсті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданындағы Затобол және Майкөл елді мекендерінің екі зейнеткері полицей болып киінген алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай ауданының полиция бөліміне ақшасын жымқырған алаяққа қатысты шағым түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы ер адам күдікке ілінді. Ол зейнеткерлердің автокөлікпен жүру бағытын біліп алып, полицей формасында қарияларға келіп, олардың жол қозғалысы ережесін бұзғанын айтып, жазаға тартпау үшін ақша сұраған. Жапа шегушілер жалған полицейге 300 мың теңгеден астам ақша санап берген.

«Зейнеткерлердің бірі алаяқ ақшаны алысымен үйлердің арасымен қашып кеткеніне куә болады. Бұл көрініс оның күдігін турдырып, дереу полицияға қоңырау шалды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта зейнеткерлерді бірнеше мәрте алдаған жалған полицейге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар