+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қостанайда заманауи ет комбинатының құрылысы басталды

2020 жылғы 5 ақпан 12:08
Бөлісіңіз:
Қостанайда заманауи ет комбинатының құрылысы басталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 450 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру кездесуінде облыс орталығының әкімі Қайрат Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында жыл басынан бері 10 мыңға жуық автокөлік құрастырылды Төтенше жағдай кезінде Петропавлдағы кәсіпорынның құрғақ таңғы асына сұраныс артты Қостанай облысында жаңа автомобиль моделінің өндірісі ашылды

Қостанай қаласында инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Соның арқасында өңір экономикасы ілгерілеп, өндіріс көлемі артып келеді. 2019 жылы қалада 10,2 млрд теңгеге 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Қуаты жылына 500 тракторға дейін шығарылатын «Кировец» тракторларын өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Жобаға 1,7 млрд теңге құйылды. «Саламат» серіктестігі тәулігіне 1000 тонна өндіретін диірмен кешенін және сыйымдылығы 30 мың тонна астық сақтау қоймасын пайдалануға берді.

«Индустрияландыру картасынан тыс жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту бойынша 3,8 млрд теңгеге 2 жоба іске асырылды. «Баян-Сұлу» акционерлік қоғамы кондитерлік қант өнімдерін өндіру үшін жабдықтар сатып алды, жобаның құны 3,3 млрд теңгеден асып, 23 жұмыс орны құрылды. Қаражат Қазақстанның Даму Банкі және Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржы корпорациясы есебінен жүзеге асырылады. «Астық» элеватор жабдығының зауыты» ЖШС сыйымдылығы 150-ден 3000 тоннаға дейін астық сақтау қоймаларын өндіру жұмысын бастады», - деді Қайрат Ахметов баяндамасында.

Осы жылы құны 110 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Солардың бірі – «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС компаниясының заманауи ет комбинаты кешені. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорын жылына 110 мың бас ірі қара малы және 132 мың бас ұсақ малдың етін өндеуге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд теңге.

Қайрат Ахметов айтқандай, жыл қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 84,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 5%-ға артық.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT