Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші орнатылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин ескерткіші бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай қаласын дамытудың бірқатар мәселелері талқыланды. Биыл Алтынсарин көшесіндегі 15 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу және апатты жағдайдағы көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту жоспарлануда.

«2020 жылы қала аумағында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Мысалы, Притобол паркінің оңтүстік бөлігінде ауданы 48 гектардағы «Триатлон парк» құрылысы және солтүстік бөлігін қайта жаңарту жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, қазақтың педагог-ағартушысы Ы. Алтынсаринге арналған ескерткіштің эскиздері қаралды. Ескерткішті осы жылы орнату жоспарланып отыр», - деп жазды облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов жиын қорытындысы бойынша облыс орталығының басшылығына жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға сапалы және жауапкершілікпен қарауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар