+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қостанайда жүргізуші велосипед мінген әйелді қағып, қашып кеткен

2021 жылғы 15 маусым 15:56
Бөлісіңіз:
Қостанайда жүргізуші велосипед мінген әйелді қағып, қашып кеткен

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанайда 44 жастағы әйелді автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада бір апта ішінде 3 баланы көлік қағып кеткен Жезқазғанда жолдан өтіп бара жатқан 67 жастағы кейуананы көлік қағып кетті Шымкентте жүргізуші 60 жастағы қала тұрғынын қағып өлтіріп, қашып кеткен

Бүгін таңертең Тәуелсіздік және Бородин көшелерінің қиылысында «Ваз 2115» автокөлігінің жүргізушісі велосипед мінген әйелді қақты. «Жол апаты салдарынан 44 жастағы велосипедші әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол сол жерде қайтыс болған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі кезде күдікті ұсталды», - деп түсіндірді полиция департаментінен.

Жол апаты фактісі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабын қарастыратын соталды тергеу басталды.

Сараптамалар тағайындалды, әрі қарайғы тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жылдың басынан бері 104 жол-көлік оқиғасы болған, салдарынан 26 адам қайтыс болып, 122 адам зардап шеккен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT