Қостанайда ұзындығы 17 метрлік жерүсті өткелі салынады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының орталығындағы Гашек көшесінде жерүсті өткелінің құрылысы басталды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Жерүсті өткелінің құрылысына 37 миллион теңге жұмсалмақ. Қазіргі кезде құрылысшылар өткел салынатын жердің өңдеу жұмыстарымен айналысуда.

«Өткел бірнеше спорттық нысан мен автотұрақты жалғайды. Ұзындығы - 17 метр, ені 2 метрді құрайды. Бағанның биіктігі - 4,5 метр. Өткелге саты арқылы және электркөтергішпен шығуға болады. Пандус орнату да жоспарда тұр. Негізгі құрылыс қоспалы болаттан жасалады, ал шатырға поликарбонат қолданылады», - деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Алексей Тарасов.

Оның айтуынша, жерүсті өткелі қараша айында-ақ пайдалануға беріледі. Дәл осындай нысан келесі жылы Гагарин көшесінде бой көтереді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар