Қостанайда үй күтушісі пәтерден 4,5 млн теңге ұрлап кеткен
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында үй қызметкері пәтер иесінің қомақты қаржысын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме.
Қостанай қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны жүгінеді. Ол пәтерінен 7200 доллар және 2800 еуро ұрланғанын хабарлаған.
«Өтініш берушінің күдігі Елена есімді үй күтушісіне түскен. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың күзінен бастап ол айына бір-екі рет пәтерді тазалау үшін келетін бейтаныс әйелді жалдаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының бұрын сотталмаған 47 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі иесіне қайтарылды. Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап, туыстарының несиесін төлеп, бір бөлігін банкке депозитке салып үлгерген», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
- Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты
- «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді
-
QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
-
Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам