Қостанайда үй құрылысы комбинаты іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайда үй құрылысы комбинатын іске қосты.

«Маңызды кәсіпорын құрылысының аяқталуымен құттықтаймын. Біз елімізде тұрғын үй құрылысының, қолжетімді баспананың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Мұндай комбинаттар тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Комбинат дер уақытында іске қосылып отыр», - деген Елбасы комбинатты іске қосуға рұқсат берді.

«Қостанай МБИ» ЖШС-ның бас директоры Майль Тороянның сөзіне қарағанда, комбинат ең заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Өндіріс ошағының іске қосылуы нәтижесінде құрылыс жұмыстарының мерзімі 2,5 есеге, ал өзіндік құны 20-30 пайызға арзандайтын болады. Комбинат жылына 70 мың шаршы метр тұрғын үй салуға қауқарлы. 150 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр.

Соңғы жаңалықтар