+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қостанайда ҰОС ардагерлері 72 жылдан кейін марапатталды

2017 жылғы 8 қазан 21:33
Бөлісіңіз:
Қостанайда ҰОС ардагерлері 72 жылдан кейін марапатталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 72 жылдан кейін құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы Ресей елшілігінің өкілі София Ғайсина Қостанайға келіп, екінші Дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті. Ардагерлерді құттықтау үшін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Айдар Құсайынов пен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы Юрий Харьяков та келді.


93 жастағы Владимир Титков соғысқа жиырма жасында аттанған. Кезекті бір арпалыс кезінде ауыр жараланыпты.

«Соғыста мина бұзғыш қызметін атқардым. Бірде қатты жарақат алып, госпитальге көшірді. Содан соң елге қайтып келдім. Міне, 72 жылдан кейін менің ерлігім ескеріліпті. Қуанышымда шек жоқ», - деді ардагер.



Елшілік өкілі Владимир Титковқа «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Ерлігі үшін» медалін тапсырды.

Ал тағы бір Ұлы Отан соғысының ардагері Абдолла Сафихановтың «Ерлігі үшін» медалі оның жұбайы Рауза Махметоваға табыс етілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT