Қостанайда тыйым салынған темекі түрін сатқан дүкендер анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында темекінің тыйым салынған түрі – снюсті сатқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетовке сілтеме жасап.

Снюс – елімізде тыйым салынған темекі өнімдерінің бір түрі. Бірақ, Қостанай қаласындағы кейбір сауда нүктелері заң бұзушылыққа жол берген.

«Жүргізілген тексерістер нәтижесінде Қостанайда адам денсаулығына зиянды снюсті сататын 9 сауда нүктесі анықталған. Снюс адам өміріне аса қауіпті. Шамадан тыс қолдану орталық жүйке жүйесінің жұмысы, көру, есту жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бір снюс пакетінде 1 немесе 2 грамм никотин болады. Ал, төменгі сынып оқушысы 3 гр никотиннен өліп кетуі де мүмкін», - дейді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар