Қостанайда тұтқын есігі дұрыс жабылмаған полиция көлігінен түсіп, қашып кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жұмысына салғырт қараған Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Бейнежазбада ер адамның патруль көлігінің артқы есігінің шығып кеткені көрінеді.

«Бұл оқиға 2020 жылғы 19 қыркүйекте Карбышев және Жауынгер-интернационалистер көшелерінің қиылысында болған. Патруль полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамды медициналық айықтырғышқа алып келе жатқан. Патруль машинасы тоқтаған кезде, тәртіп бұзушы көліктен шығып кеткен. Алайда, ол бірден ұсталып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді» делінген полиция ақпаратында.

Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізді. Патруль көлігінің есігін дұрыс жаппаған полицейлер тәртіптік жауапқа тартылды.




Соңғы жаңалықтар