+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қостанайда тұрғын үйлердің қабырғасына Абайдың портреті салынды

2020 жылғы 7 тамыз 04:47
Бөлісіңіз:
Қостанайда тұрғын үйлердің қабырғасына Абайдың портреті салынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен саябақтарда Абайдың портреті ілініп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұлы ақынның портретін салу үшін Tigrohaud Crew шығармашылық бірлестігі Алматыдан жергілікті әкімдіктің шақыруымен келді. Абай портреті қаладағы көпқабатты үйлер мен саябақтарға ілініп жатыр. Портреттің жан-жағына жарықдиодты шамдар орнатылған. Қазіргі уақытта Абай көшесіндегі 16-үйдің қабырғасындағы кескіндеме дайын. Жалпы, танымал стрит-артерлердің облыс орталығындағы жоспары көп.

«Суретшілердің Қостанайға алғаш келуі емес. Бұған дейін КЖБИ ауданындағы қазақтың ұлттық жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаушы Абайдың бейнесі салынған муралды бекіткен еді. Бұл жолы монументалды кескіндеменің үш туындысы жасалады. Әуелі, атақты ғалым, орта ғасыр философы Әл-Фарабидің бейнесі. Ол Абай даңғылы мен Әл-Фрабаи көшесінің қиылысында орналасады. Ұлы педагог-ағартушы, жазушы, фольклоршы және этнограф Ыбырай Алтынсариннің муралы Тәуелсіздік көшесінде, Совет Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов бейнеленген портрет Гоголь-Баймағамбетов көшелерінің қиылысында болады. Таңдау кездейсоқ болған жоқ, осы көрнекті тұлғалардың барлығы Қазақстан тарихында маңызды із қалдырды. Жаңа көрікті жерлер келесі аптаның соңына дейін дайын болады деп жоспарлануда», делінген басқарма таратқан ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT