Қостанайда тұрғын үй өртеніп, бір әйел көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 1937 жылы туған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 наурыз күні аудан орталығындағы Ерік Асанбаев көшесінде болған.

«12 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үй секторы жанды. Өрт 09:38 сағатта толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1937 жылы туған әйелдің денесі табылд», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрттің шығуының нақты себептері анықталуда. Әйелдің денесі сот медициналық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар