Қостанайда түнгі клуб өртеніп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы танымал көңіл-көтеру кешені «Вест» өртеніп кетті, деп хабаралайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өрттің неден өрбігенін кейін хабарлайтындығын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болып отыр.

Өрт сөндіру кезінде бір қызметкер жараланған. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та оқиға орнына келіп, тұрғындарды сабырға шақырды. Түнгі клуб қасындағы үйлерге залал келген жоқ. 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен сағат 8-де шыққан. Өрттің жоғарғы қабаттан басталғаны анықталды.

«Вест» маңындағы және үлкен көпірге шығатын жолдар уақытша жабылды.

Соңғы жаңалықтар