Қостанайда тракторшы КамАЗ дөңгелегінің астына түсіп, қаза тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Половниковка және Сормовка ауылдары арасында дала жолында МТЗ-1221 тракторы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты.

37 жастағы трактор жүргізушісі жолдың енін ескермей, рульді басқаруда қателікке жол берді. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, соқтығысу салдарынан тракторшы көз жұмды. Алынған жарақаттың ауырлығынан ол оқиға орнында жан тапсырды.

  КамАЗ жолаушысы да зардап шекті. Ол жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.  Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Сот алды тергеу жүргізілуде.   

Соңғы жаңалықтар