Қостанайда трактор зауыты салынатын болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында лифт жасайтын зауыттың құрылысы орта жолда тоқтады. Қостанай индустриялық аймағында оның орнына «Кировец» тракторларын шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке сілтеме жасап.

М. Мырзалиев лифт жасау жобасының тоқтатылуы Ресейдің «VEK» компаниясының қаржылық қиындықтарымен байланысты екенін айтты.

«Үстіміздегі жылы ресейлік тараппен лифт шығаруды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ екатеринбургтік компания артынша жобадан бас тартты. Оларда қаржы жетіспеген болуы мүмкін», - деді әкім орынбасары.

Лифт шығаратын зауыттың бір ғимараты облыстың бюджет қаражаттары есебінен бой көтеріп еді. Енді ол трактор құрастыратын зауытқа беріледі.

«Ресейлік компания Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта зауытты іске қосады. Жоспар бойынша мұнда жылына 3 мыңға дейін трактор шығарылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар