Қостанайда Toyota түгелдей жанып кетті

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы 8-ші шағын ауданның ауласында тұрған автокөлік отқа оранып, түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай қалалық ТЖБ мәліметінше, көлік сымдардың қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.

«Қаладағы 8-ші шағын аудан аулаларының бірінде Toyota RAV 4 көлігі жанып кетті. Болжам бойынша, жалын көліктің қозғалтқышынан шыққан. Өрт аумағы 8 шаршы метрге дейін жеткен. Зардап шеккендер жоқ», - деді Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Гүлнәр Жолбарысова.

Соңғы жаңалықтар