Қостанайда той басталар уақытта мейрамхана өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы «Астам» мейрамханасы отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін саған 17.30 шамасында облыс орталығындағы «Астам» мейрамханасынан өрт шықты. Өрт туралы облыстық ТЖД қызметіне мейрамхана күзетшілері хабар берген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ғимарат ішіндегі адамдардың көбі оқшау жерге шығарылды. Олардың көбі - балалар.

Белгілі болғандай, бүгін сағат 18:00-де мейрамханада үйлену тойы басталуы керек-тін. Алайда, жас жұбайлар «Астамға» өрт сөндірушілермен қатар келді.

Облыстық ТЖД қызметі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған. Қазіргі уақытта ғимарат аумағында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар