Қостанайда төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын қосымша іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел хабарлау мақсатында смартфондар мен планшеттерге арналған Darmen тегін мобильді қосымшасының іске қосылғаны туралы жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қосымша Android Және iOS операциялық жүйелеріне арналған.

«Бұл бағдарлама бірнеше секунд ішінде Қостанай облысының аумағындағы ТЖ қаупі мен туындауы туралы халықты жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта онда «Қазгидрометтің» мәліметтері жиналған. Аталмыш қосымшамен қатар ұялы телефон немесе планшетке SMS-хабарлама арқылы да ескерту түседі», - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Darmen Қостанай облысында 24 сәуірден бастап іске қосылды. Бағдарламаны App Store және Play Market ұялы телефондарына арналған қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар