Қостанайда «терезеші» алаяқтың ісі тергеліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық прокуратурасы пластикалық терезе орнатумен байланысты алаяқтық фактілері бойынша тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Бұл жайлы аlau.kz хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру кәсіпкер Ратушнякқа қатысты жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айында ол қостанайлық әйелге балконын әрлеп беремін деп уәде беріп, алдын ала 100 мың теңге алып кеткен. Содан кейін оны табудың мүмкіндігі болмаған.

Істі Қостанай қалалық прокуратурасының қызметкерлері бақылауына алды. «ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі кезде іс өндірісінде бес жәбірленушінің шағымы қарастырылуда», - дейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ирина Беженарь.

Полиция басқа жәбірленушілер болса, ішкі істер басқармасына хабарласуын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар