+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанайда терек мамығы салдарынан 50-ден астам өрт шықты

2020 жылғы 3 маусым 10:25
Бөлісіңіз:
Қостанайда терек мамығы салдарынан 50-ден астам өрт шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында екі күн ішінде 50-ден астам өрт тіркелді. Оның шығуына терек мамығы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да орманнан шыққан өрт ауылға кірді, адамдар эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда 80 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды Батыс Қазақстанда орман алқабы отқа оранды

Құрғақ және ыстық ауа райының салдарынан жабық аумақтағы қоқыстар мен шөптердің жануы жиілеп кеткен. Бұл қала көшелеріндегі терек мамығының тұтануымен байланысты. Ал мамандарлың сөзінше, терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар.

«Қостанай қаласында екі күн ішінде терек мамығы салдарынан 50-ден астам өрт тіркелді. Соның бірі Абай көшесіндегі жылу трассасының жануына әкеп соқты. Өрт сөндірушілер дер кезінде қауіптің бетін қайтарды. Терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар. Ол – су себу. Ал терек мамығын өртеу үлкен шығындарға әкеп соғуы ықтимал. Ыстық және құрғақ күнде балалардың жанғыш заттармен ойнауына жол бермеу керек. Ал ересектер сіріңке мен өшірілмеген темекіні жерге тастамағандары дұрыс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдағанын ескертеміз», - дейді Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі орталығы бастығының орынбасары Абай Оспанов.

Мамандардың айтуынша, терек мамықтары тез тұтанып, соңынан қара түтін қалдырады. Мамықтың жиналу орындарын, әсіресе ағаштардың маңын жүйелі түрде тазалау, балаларға оны жағуға рұқсат бермеу қажет. Осындай қарапайым қағидаларды сақтау өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT