Қостанайда тепловоз ер адамды қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Тепловоз машинисі ер адамды соғып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 шілдеде болды. ТЖД кезекші бөліміне тепловоз машинисінің темір жол үстінде бөгде адамның тұруына байланысты шұғыл тежегішті қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Машинист тепловозды тоқтата алмады. Нәтижесінде Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөліміне 1980 жылы туған ер адам түсті. Оның мас болғаны анықталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановтың айтуынша, жәбірленуші ауруханадан өз еркімен шығып кеткен.

Соңғы жаңалықтар