Қостанайда теміржол өткелінде пойыз бен көлік соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы көліктік ХҚО ауданындағы теміржол өткелінде көлік пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең көліктік ХҚО ауданында жол-көлік оқиғасы орын алған – «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытымен жүріп келе жатқан пойыз теміржол өткелінде 40 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «Шевроле круз» көлігімен соқтығысты. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр», - деп түсіндірді департаменттен.

Көлік жүргізушісінің теміржол өткелінен бағдаршамның тыйым салынған белгісі жанғанда өтпек болғаны анықталды.

Жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінде жүргізушілерге әсіресе ауа райының қолайсыз жағдайында жол ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертуде.


Соңғы жаңалықтар