Қостанайда таксистті мерт қылған полицейдің ісі сотта қаралуда

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 сотында адамның өліміне алып келген жол апатын жасаған полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІБ-де жұмыс істейтін 22 жастағы полицей ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі (автокөлік жүргізушісінің абайсыздығынан адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзуы) бойынша айыпталуда.

Үстіміздегі жылдың 30 шілдесі күні сағат 05.45 шамасында «ВАЗ Priora» жекеменшік көлігінде болған полицей Баймағамбетов көшесімен келе жатып, бағдаршамның қызыл белгісі жанғанына қарамастан, Л.Беда көшесіне бұрылған. Көше қиылысында ереже сақтап келе жатқан такси - «Lada Granta» көлігіне соғылады. Жол апатынан соң «Lada Granta»-ның жүргізушісі ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, жарақаттарының ауыр болуы салдарынан көз жұмды.

Іске қатысты басты сот отырысы 16 қазанға белгіленді. 

Соңғы жаңалықтар