Қостанайда тақиялар көрмесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық Достық үйінде дәстүрлі қазақ  мәдениетінің мерекесі өтті. Онда тақиялар, ұлттық әшекей бұйымдар және бауырсақтар көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Көрмеде бір-біріне ұқсас тақиялар болған жоқ, әрқайсысы өз сәнімен ерекшеленіп тұрды. Әр тақия сәнді жіптермен, пайеткалармен, ірі моншақтармен және бисерлермен безендірілген.

Әр халықтың тақияға деген өз талабы бар. Тақияны тек Азияда ғана емес, Кавказда да киеді.

«Біз алғаш рет тақиялар көрмесін ұйымдастырдық. Көрмеде түрлі ұлттардың, халықтардың 20-дан астам тақия түрі ұсынылды. Мысалы, қазақтың тақиясы конус тәрізді болып келсе, өзбектердікі төртбұрышқа ұқсайды», - дейді қазақ диаспорасының өкілі Айжан Бекманова.

Қостанайда тақиялар көрмесінен бөлек, бауырсақтар көрмесі де алғаш рет өтті.

«Мұнда түрлі халықтардың 10 түрлі бауырсағы ұсынылды. Олардың ішінде татар, грек, башқұрт, қазақ, қырғыз бауырсақтары бар. Олардың дәмі де ерекше. Бал қосылғаны да, күнжіт қосылғаны да жоқ емес», - деп түсіндірді Қостанай облыстық достық үйінің баспасөз хатшысы Ольга Горай.
null 

Шара концерттік бағдарламаға ұласты. 

null 

Соңғы жаңалықтар