Қостанайда тағы бір қыз суға ағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласының 26 жастағы тұрғыны суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Лисаков қаласының Октябрьский ауылында болған.

"Тобыл өзенінен 1992 жылы туған қыздың мәйіті шығарылды. Ол суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Сараптамалар нәтижесінде қыздың мас күйінде болғаны анықталды.

Аталған ведомство мамандары тұрғындарды суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде сақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар