Қостанайда табылған күдікті қорап жолаушыларды әбігерге салды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында күдікті қораптың кесірінен автобус екі сағатқа тоқтап тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялады. Ақпаратты ІІД  баспасөз қызметі растады.

«6 қазан күні «Қостанай-Екатеринбург бағытындағы автобус екі сағатқа кешігіп қозғалды. Кешкі сағат онда ер адам телефон арқылы автовокзал айналасында 30*30 сантиметр қораптың жатқанын айтты», - делінген ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы қоңырау автобустың жүруін тоқтатты. Тәртіп сақшылары қорап ішінде торттың болғанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар