Қостанайда сыра тиелген көлік өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД-ның баспасөз хатшысы Меруерт Балғиноваға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Денисов ауданының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 6 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында «Маз» жүк көлігі өртеніп кетті. Көліктің алдыңғы доңғалағы мен кабинасы, тіркеменің бөліктері жанған. Оқиға орнына жеке құрамның 4 өрт сөндірушісі мен арнайы техникалар жұмылдырылды», - деді ведомствоның өкілі Меруерт Балғинова.

Өрттің нақты себептері анықталған жоқ. ТЖД ақпаратына сенсек, өрт кезінде құны 7 млн теңге тұратын сыра жәшіктері оқшауланды.

Соңғы жаңалықтар