Қостанайда суды тазарту аппараттарынан ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы орталығының аумағында екі азамат суды тазарту және сату аппараттарынан ақша ұрлап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 және 21 жастағы жігіттер 11-14 қараша аралығында үйлерге орнатылған құрылғыларды ашқан. Қаскүнемдер 9-шағын ауданда және Садовая көшесінде аппараттарды бұзып, 60 мың теңгеден астам қаржыны қолды қылған.

Күдіктілер осындай ұрлықты 8-шағын ауданда да жасады, онда олар 26 мың теңгеден астам қаражатты ұрлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Рамазан Жақсылық пен Әділхан Қалдыбек күдіктілерді анықтап, ұстады. Қала полициясының мәліметінше, жастар қылмысты түнде жасаған. Аппарат иесі бұзушылықтар туралы таңертең білген. ЖБО бейнебақылау камерасымен 9-шағын ауданда ұрылардың сұлбалары тіркелді.

Қазіргі уақытта ҚК-тің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар