Қостанайда судьяға пара бермек болған адвокат ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда сот адвокат Жеңіс Досмағамбетовке қатысты санкцияны қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Қостанайдың мамандандырылған тергеу соты адвокат Жеңіс Досмағамбетовті 2 ай үйқамаққа алуға қатысты шараны санкциялау жөніндегі өтінішті қанағаттандырды»,-деп хабарлады облыстық сот.

Адвокатқа жауапты мемлекеттік қызметте істейтін тұлғаның ірі көлемде қаржы алуына ықпал етті деген күдік келтіріліп отыр.

Жеңіс Досмағамбетов 17 қазан күні Әулиекөл аудандық сотына 1 млн теңге көлемінде пара беру кезінде қолға түсті. Оны Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының қызметкерлері ұстап, Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына отырғызды.

Соңғы жаңалықтар