Қостанайда студент зейнеткерді тонап кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Жақында Рудный қалалық соты 19 жастағы студент Елена Царегородцеваға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдары бойынша, зейнеткер Н.Федоров студент Е.Царегородцеваға үй тазалағаны үшін ақша төлеп жүреді. Е. Царегородцева Н.Федоровтың банкте жинаған қаражысы барын білген. Осылайша, бөгде адамның мүлкіне қол сұғып, қылмыстық іске бармақшы болады.

Үстіміздегі жылдың 2 ақпанында студент Царегородцева Федоровтың үйіне келеді. Зейнеткерді екі қолымен мойын тұсынан қылғындырады. Жәбірленуші есінен танып қалған соң, қылмыскер 160 мың теңге ақша, «Nikon» фотокамерасы, жады картасы мен фотокамераларға арналған сөмкені ұрлайды. Шығынның жалпы құны - 105 970 теңге. Мұнымен қоса «Samsung» маркалы ұялы телефон мен пәтер кілтін алып кетеді.

Е.Царегородцева жәбірленушіге барлығы 293 470 теңге сомасында физикалық және материалдық залал келтіреді.

Сот үкімімен қылмыскер ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі 1-тармағына (тонау) сәйкес кінәлі деп танылды. Ол осы ісі үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, заңсыз жолмен табылған мүлкі тәркіленеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар