Қостанайда спорт мектебінің бассейніндегі «қышқыл» суға қатысты түсінік берілді

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл Қостанайда жүзгіш балаларға арналған бассейн уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорт мектебі бассейніндегі судың жай-күйіне қатысты мәселені шұғыл түрде шешіп жатыр, белгілі болғандай, суға реагенттердің жеткізілуін анықтайтын компьютердің істен шығуына байланысты ол стандарттарға сәйкес келмейді. Судың қышқылдығы жоғары. Жағдайды Қ.Оспанов атындағы № 1 БЖСМ басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Наталья Сухачева түсіндірді

«Бассейн жаңа, 2022 жылы ғана ашылғанын білесіздер. Суды тазартудың барлық технологиясы күрделі, барлығы компьютерленген. Біздің қызметкерлер нысанды беру кезінде осы жүйеде қалай жұмыс істеу керектігін үйренген болатын. Бірақ бұл білім жеткіліксіз болып шықты. Бізде күнделікті рН және хлор деңгейін өлшейтін зертханашы бар. 2 қарашада ол судың қышқылданғанын хабарлады. Сол күні СЭС зертханасына талдамалар өткізіліп, 3 қарашада балаларға арналған хауыз жабылды», - деді Н. Сухачева.

Зертханадан алынған нәтижелер, керісінше, судағы хлор көрсеткішінің жоғарылағанын көрсетті. Тағы бір сынама алу және оны тәуелсіз зертханаға жіберу туралы шешім қабылданды. Онда хлор қалыпты болған кезде, судың қышқылдығы жоғары деген нұсқа расталды.

«Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Бізге бассейнге қызмет көрсететін және суды тазартудың барлық процесін жасайтын ұйым қажет болды. Сондай-ақ, бізде рН деңгейін арттыратын химиялық зат жоқ. Өздеріңіз білетіндей, бізде облыста су сілтілі, яғни деңгейін үнемі төмендетіп отыру керек. Компьютерде ақау болуы мүмкін және реагенттің үлкен дозасы жоғалып кетті. Сондықтан ол қазір бізде жоқ. 11 қараша күні бізде лот ойнатылып, бассейндегі суды тазартумен, компьютерленген жүйені жасақтаумен айналысатын компания таңдалады», - деп түсіндірді Н. Сухачева.

Айта кетейік, спорт мектебі Қостанайға сарапшыларды тауып, шақырды. Олар 9 қарашада келіп, компьютерлендірілген жүйені диагностикалау және ақауды анықтау бойынша қызмет көрсетеді.

Лотты ойнатылғаннан кейін осы мәселелерді жүйелі түрде шешетін компания анықталады. Бассейндегі суды тазарту және компьютерленген жүйенің жұмысы туралы барлық мәселелерге солар жауап береді.

Соңғы жаңалықтар