Қостанайда сотталушы түрме қызметкеріне пара бермек болған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жазасын өтеу мекемесіндегі заңсыз сыйақы беру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың мамыр айында облыстың полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шаралары барысында жазасын өтеуші «А»-ның түрме қызметкері «С»-ның абоненттік нөміріне 5 мың теңге көлемінде ақша қаражатын аударғанын анықтады.

«Бұл қаражат сотталушының бұрын мәлімделген өтініші бойынша сотқа жаза шарасын ауыстыру туралы істі жіберуге жәрдем көрсеткені үшін кепіл болған. Осылайша, сотталушы «С» лауазымдық міндеттерін орындау кезінде лауазымды адамға заңсыз материалдық сыйақы берді. Осы факті туралы қызметкер мекеме басшылығына және облыстық ҚАЖД ӨҚБ өкіліне баяндады»,- делінген полицияның ресми мәлімдемесінде.

Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша сотталушы кінәсін толық мойындады. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «С» әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар