Қостанайда сотталғандар құлпынай өсіріп, балалар үйіне жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының УК-161/2 мекемесіндегі сотталғандар балалар үйіне бірнеше жәшік құлпынай жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қосатанай облысы Қылмыстық-ақтару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Аталған мекеме аумағында сотталған азаматтар бірнеше жылдан бері құлпынай өсіріп, баптап жүр. Өздері бұл жұмыстың соншалық ауыр емес екенін, қара күштен гөрі төзім мен ыждаһаттылық керек екенін айтады. Қажырлы еңбектің арқасында бақшадан жылына бірнеше рет өнім алынады. Әр түп жидек тікелей балалар үйіне жіберіледі», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ведомство басшылығы мұндай акциялар мекемедегі контингентті ақысыз жақсылық жасауға машықтандырып, еңбекке деген көзқарасын өзгертеді деп есептейді.

«Мен көктемді асыға күтемін. Кішкентайларға жылулық сыйлай аламын деген ой мені шын жүректен қуантады және келешекке үміт сыйлайды. Өз балаларым басқа елде тұрады. Мен оларды сағындым. Содан да болар, балаларға жақсылық жасағым келіп тұрады», - дейді Н. есімді сотталған азамат.


Соңғы жаңалықтар