+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қостанайда шығарылған автокөліктер Өзбекстанға экспортталады

2020 жылғы 27 ақпан 15:05
Бөлісіңіз:
Қостанайда шығарылған автокөліктер Өзбекстанға экспортталады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ташкент қаласындағы Қазақстан мен Өзбекстанның 2-ші аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда көлікпен жүруге тыйым салынды Коронавирустан көз жұмған әйелмен пойызда бірге болған 2 қостанайлық карантинге жабылды Қостанай облысында жаңа автомобиль моделінің өндірісі ашылды

Қос елдің Үкімет басшылары қатысқан жиында агроөнеркәсіптік, өнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Айтулы шарада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің автокөлік шығару саласын таныстырды.

«Өзбекстан Республикасының аймақтарымен өткен жылғы сауда айналымы 34,9%-ға өсіп, 150 млн АҚШ долларына жетті. Форумда 2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әріптестік аясында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген автомобильдерді сату және экспорттау үшін «Avtosanoat invest» ЖШҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Группа компания Аллюр» АҚ арасындағы бірлескен кәсіпорын туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Айта кетейік, былтыр Қостанай облысында 26 мыңға жуық көлік құрастырылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT