Қостанайда шетелдіктерді тіркегені үшін пара алған полиция бөлімінің басшысы ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 300 мың теңге пара алды деген күдікпен Қостанай қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметінің бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қаласының Полиция басқармасы Көші-қон қызметінің бөлім бастығымен пара алу фактісі анықталды.

Ол шетел азаматтарынан жалпы қамқорлығы, тұру ықтиярхатын кедергісіз тіркеу және рәсімдеу үшін жүйелі негізде жалпы сомасы 300 мың теңге пара алуда күдікті деп танылуда», делінген хабарламада.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешілуде.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар