+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қостанайда шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады

2020 жылғы 6 шілде 18:17
Бөлісіңіз:
Қостанайда шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қайрақ» өткізу пунктінде шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғыз азаматтары Қазақстан шекарасынан заңсыз өтуге тырысты Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады 18 жасқа толмаған төлқұжаты жоқ балалар қазақ-қырғыз шекарасынан өте алмайды

«Карантин шектеу шараларына қарамастан, Мемлекеттік шекара арқылы құқыққа қайшы әрекеттер тоқтамай тұр. 5 шілдеде «Қайрақ« өткізу пунктінде (Қостанай облысы) шекарашылар шекаралас мемлекет аумағында айдап кетілуі ықтимал қымбат тұратын « Lexus RX 300« және «Тойота Камри 70« автомашиналарын елге заңсыз кіргізу фактісінің жолын кесті», делінген хабарламада.

Автокөлікті толық қарау кезінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізумен бүркемеленген шанақтың нөмірлік белгісін қолдан жасау белгілері анықталды.

«Материалдар одан әрі процессуалдық іс-қимылдар жүргізу үшін аумақтық полиция бөлімшесіне берілді. Шекарашылар шекарада өткізу пункттерінде жалған шанақ нөмірлері, теxникалық паспорттары мен басқа да қолдан жасау белгілері бар автомашиналарды тұрақты түрде анықтайтынын атап өту керек», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT