Қостанайда Шекара маңы аймақтары әйелдерінің форумы өтіп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Шекаралық ынтымақтастық - әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты Шекара маңы аймақтары әйелдер форумын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы шараның ашылу рәсімінде сөй сөйлеп, әйелдердің кәсіпкерлік қызметін дамытудың маңызды мәселелерін шешу қажеттігіне тоқталды.

«Еуразиялық экономикалық форумның құрылуы Шекаралық ынтымақтастық пен экономикалық өзара байланысты кеңейтуге зор ықпалын тигізді. Одақ жұмыс жасап келе жатқан жылдар ішінде экономикалық мемлекеттердің теңдестірілген дамуын қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар ұйымдастырылды, ол шекара маңындағы өңірлердің өзара байланысына әсерін тигізді», - деді А.Мұхамбетов.

Әйел адамдардың экономикалық аумақтарды дамытуға қосқан үлестерінің тағы бір көрсеткіші - шағын және орта бизнеске араласуы. Қостанай облысында 49629 бизнес субъектілері жұмыс жасайды, кәсіпкер әйелдер 23449 кәсіпорындарын, яғни 47,3% басқарады.

Форумның маңыздылығы жөнінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко да өз пікірін білдірді.

«Форум жас болса да, әлемге танылып үлгерген елордамыз - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының қарсаңында өтіп жатыр. Маңызды мәселелерді шешу үшін бірінші болып ниет білдірген де - Астана. Мұндай бастамалардың біріне жақсы дәстүрге айналып кеткен шекара маңы аймақтары әйелдерінің форумын өткізу болды. Аталмыш шара аясында маңызы зор мәселелердің шешімін тауып қана қоймай, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және өзара тиімді іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік зор», - деді Е.Тарасенко.

Айта кету керек, форумды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастырды. Форумға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік сыңайлы сектордың және Ресей Федерациясының Қорған, Орынбор, Челябі, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Қостанай, Қарағанды облыстарын таныстырған шекара маңы аймақтардың іскерлік орталарынан 250 өкіл қатысты. 

Соңғы жаңалықтар