Қостанайда шаруа қожалығының күзетшісі кісі өлтірген қылмыскерді қолға түсірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері шаруа қожалығының күзетшісімен бірігіп кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 11 шілдеде Ақсай ауылында болған. 31 жастағы ер адам арадағы жанжалдан соң 32 жастағы туысын пышақтап тастаған. Ауыр дене жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Ер адамның мерт болғанын полицияға оның жұбайы жеткізді. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

«Қылмыстық іс болған жерге аудан прокуроры Ринат Кәрімов бастаған жедел-тергеу тобы келіп жетті. Жедел-іздестіру қызметінің бастығы Серік Рақышев пен учаскелік полиция инспекторы Батыр Ысқақов күдіктінің Заречный кентіне қарай қашып кеткені туралы ақпарат алды. Оларға күдікті жайлы мәліметті «Садовод» шаруа қожалығының күзетшісі Евгений Радюк айтқан», - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Шаруа қожалығының күзетшісі полицейлер келгенше күдіктіні ұстап тұрған. Осылайша, Евгений Радюк ауыр қылмыстық істің «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік жасады.

Қазір бұл факт бойынша сот алды тергеу шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар