Қостанайда шахмат алаңы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда шахматтан облыстың ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уфимцев атындағы шахмат клубында шахматтан облыстың ашық чемпионаты басталды. Дәстүрлі турнир биыл Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің жүлдесі үшін өтті. Облыстың барлық аудан-қаласынан 50-ге таяу спортшы келді.

Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігі ғимаратының жанындағы шахмат алаңының ашылуына қатысты.

«Облыс шахматшылары республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оны осындай ауқымды турнирлерге қатысып жүрген спортшыларымыз растайды. Мысалы, Тимур Нұржанов 20 жасқа дейінгі жастар арасында ел чемпионы атанды. Ол Азияның ең үздік 5 шахматшысының қатарына енді. ҚР чемпионатында жүлдегер атанған Альрами Алдабергеновтің де жетістіктеріне қуанамыз. Петр Костенконы барлығыңыз білесіздер. Тамыз айында ол Азия чемпионатына қатысып келді. Біздің міндетіміз - шахмат спортына келгендерге барынша жақсы жағдай жасау. Қазірдің өзінде облыс тұрғындарының отыз пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады. Осы қарқынды бәсеңдетпеу қажет», - деді өңір басшысы шахмат алаңының ашылу салтанатында.
null 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, қатысушылар жас аралықтары бойынша топқа бөлінді. 1955 жылы туған спортшылардан бастап ардагерлер тобында ойнайды. Барлығы 11 тур өтеді. Әр тур 3 минут 2 секундтан тұрады. Жүлде қоры - 500 мың теңге.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Астанада ҚР ашық чемпионаты өтеді. Аталған жарыста Шыңғысхан Саржанов пен Петр Костенко облыс намысын қорғайды.

null null 

Соңғы жаңалықтар